Танымал мақалалар

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Журналдың соңғы нөмірлері

АВТОРЛАР ҮШІН АҚПАРАТ

«Құқық және мемлекет» журналында  ғылыми мақалалар, юриспруденция саласындағы зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды, жаңа ғылыми заң басылымдарына рецензиялар, мемлекет және құқық мәселелері бойынша маңызды ғылыми конференциялардың мақалалары жарияланады.  

Журналда жариялануға ұсынылған мақалаларға қойылатын талаптар:

1. Мемлекет және құқық саласындағы ғылыми зерттеулердің қорытындыларын қамтитын, өзге басылымдарда жарияланбаған мақалалар қабылданады. Автор редакциялық алқаға мақаланы тапсыру кезінде өзге басылымдарда жарияланғаны және жарияланбағаны туралы хабардар ету міндетті.

2. Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Негізгі мәтін алдында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, кафедра, жұмыс орны, қала, мемлекет туралы мәліметтер жазылады. Автордың аты-жөнінен кейін – мақала аты, 5-8 жол көлемінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 3 түйін  (автордың аты-жөні мен мақала атының аудармасымен).   Әр түйіннен кейін –10 кілт сөздері (жазылған тілге сәйкес).
 
3. Мәтін 7-10 парақ көлемінде А4 форматы Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 пт әрпімен, аралық 1 интервалмен теріледі. 10 парақтан асқан мақалалар бас редактордың  келісуіне ұсынылады.

4. Мақаладағы сілтемелер – нөмірленеді. Мақала соңында библиография беріледі–аталған тақырып бойынша 10 – 15 негізгі әдебиет атаулары беріледі, соның ішінде жаңа әдебиеттер. "Құқық және мемлекет" журналының редакциясы біздің журналымыздағы (мұрағатқа қарап) аралас тақырып бойынша баспаны зерттеуді және оны Сіздің жұмысыңыз үшін солардың ішінен пайдалысын өмірбаянға қосуға бұлтартпай ұсынады. Библиография мен ескертулер ГОСТ-қа сәйкес жазылады. Интернет-ресурстарына сілтемелерде автордың аты-жөні, мәтін атауы, дерекнамасы, толық электронды мекенжайы, ашылған мерзімі көрсетіледі.

5. Мақала соңында: «Мақала алғашқы рет жарияланады» деген жазу болуы қажет, мерзімі және автордың (авторлардың) қолы қойылады. Осы жерде автор (авторлар) туралы мәліметтер жазылады: аты-жөні толығымен, электронды мекенжайы, байланыс телефоны – мақаланың электронды нұсқасы, автордың фотосы (деректі емес көркем фото) және иллюстрациялар. 

6. Мақала редакциялық алқаның ішкі рецензиясынан өтеді, авторға рецензия берілмейді. Редакциялық алқа журналдың талаптарына сәйкес емес жарамсыз мақалаларды қайтаруға құқылы. Автор (авторлар) ғылыми, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан қателерге жауапты. 
Редакциялық алқа тексергеннен кейін қайта қаралуға берілген мақаланың қабылданған мерзімі жөнделіп әкелген күн болып есептеледі. Редакциялық алқаның журналға жарамсыз деп санаған мақала үшін жауап бермейді. Редакцияға түскен мақалалар қайтарылмайды. 

7. Ізденушілер, магистранттар, докторанттар және ғылым кандидаттары мақала оларға арнайы тапсырылмаған жағдайда, редакциялық алқа қарауына тақырып бойынша 2 тәуелсіз ғалымдардың (редакциялық алқа мен кеңесінің құрамы мүшесінен басқа) рецензиясымен ұсынады, ғылыми жетекшісі немесе ғылым докторы болған тиімді болады. 

8. Редакциялық алқаға мақала А4 формат қағазда басылып шығарылған және электронды нұсқада CD дискіде бір файлда барлық қажетті қосымшаларымен тапсырылады.

9. Мақала оттисктері, авторларға гонорар төленбейді. Басылым үшін төлем қабылданбайды. Жарияланған мақаланың авторы редакциядан журналдың бір данасын тегін алуға құқылы.

10. Қайта басқан жағдайда басылымға сілтеме міндетті. 
 

Танымал мақалалар

© КАЗГЮУ Университетi, 2024
© "Құқық және мемлекет" журналы, 2024
Материалдарды қолдану кезінде «Құқық және мемлекет» журналына сілтеме жасалу міндетті.
Журналдың материалдарында білдірілген пікірлер редакцияның көзқарасымен сәйкес келе бермейді.
Яндекс.Метрика