Популярные статьи

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Последние номера журнала

Альберт Венн Дайси және Құқық Үстемдігі // Право и государство 2021. № 1 (90). С. 6-14.

Автор: TEMІRBEKOV J.R

(эл адрес)
Мақалада атақты ағылшын заңгер ғалымы Альберт Венн Дайсидің (Albert Venn Dicey) «Rule of law» («Құқық үстемдігі») тұжырымдамасы жайындағы ойлары қарастырылады. А.В. Дайси «құқық үстемдігі» тұжырымдамасын алғаш рет XIX ғасырдың екінші жартысында негіздеген. Дайсидің «құқық үстемдігі» тұжырымдамасының үш ерекшелігі бөліп қарастырылады. Біріншіден, «құқық үстемдігі» – дискрециялық билікке қарама-қайшы келетін жəне мемлекеттік биліктің əлімжеттілігінің, айрықша өкілеттіктерінің немесе тіпті кең өкілеттіктерінің болуын жоққа шығаратын жалпы құқықтың өктемдігі немесе үстемдігі. Екіншіден, «құқық үстемдігі» заң алдындағы теңдікті немесе елдегі барлық таптардың соттар қолданатын жалпы құқыққа бірдей бағынуын білдіреді. Үшіншіден Англияда нормалар мен конституциялық құқық адам құқықтарының қайнар көзі емес, керісінше, соттар анықта ған жəне қолданған адамдардың құқықтарының салдары болып табылады. Сонымен қатар, мақалада «құқық үстемдігі» тұжырымдамасының негізін қалаудағы жəне жетілдірудегі ағылшын соттарының рөлі мен орны атап өтіліп, Британия конституциясының кейбір негізгі қағидаттарының мəнін ашуға əрекет жасалады. Тірек сөздер: Альберт Венн Дайси, құқық үстемдігі, өктемдік, құқықтық мемлекет, конституция, заң, жалпы құқық, сот, ағылшын конституционализмі, конституция қағидаттары. Для цитирования и библиографии: Беларева О.А. Сравнительная характеристика стадий неоконченного преступления по уголовному законодательству Российской федерации и Республики Казахстан // Право и
государство. 2021. № 1 (90). – С. 29-39. DOI: 10.51634/2307-5201_2021_1_29
читать статью...

 


Популярные статьи

© Университет КАЗГЮУ, 2022
© Журнал "Право и государство", 2022
При использовании материалов журнала "Право и государство" ссылки на издание и сайт обязательны.
Мнения, высказываемые в материалах журнала не всегда совпадают с точкой зрения редакции.
Яндекс.Метрика