Танымал мақалалар

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Журналдың соңғы нөмірлері

Альберт Венн Дайси және Құқық Үстемдігі // Право и государство 2021. № 1 (90). С. 6-14.

Автор: Temirbekov J.R.

(zh_temirbekov@kazguu.kz)
Мақалада атақты ағылшын заңгер ғалымы Альберт Венн Дайсидің (Albert Venn Dicey) «Rule of law» («Құқық үстемдігі») тұжырымдамасы жайындағы ойлары қарастырылады. А.В. Дайси «құқық үстемдігі» тұжырымдамасын алғаш рет XIX ғасырдың екінші жартысында негіздеген. Дайсидің «құқық үстемдігі» тұжырымдамасының үш ерекшелігі бөліп қарастырылады. Біріншіден, «құқық үстемдігі» – дискрециялық билікке қарама-қайшы келетін жəне мемлекеттік биліктің əлімжеттілігінің, айрықша өкілеттіктерінің немесе тіпті кең өкілеттіктерінің болуын жоққа шығаратын жалпы құқықтың өктемдігі немесе үстемдігі. Екіншіден, «құқық үстемдігі» заң алдындағы теңдікті немесе елдегі барлық таптардың соттар қолданатын жалпы құқыққа бірдей бағынуын білдіреді. Үшіншіден, Англияда нормалар мен конституциялық құқық адам құқықтарының қайнар көзі емес, керісінше, соттар анықтаған жəне қолданған адамдардың құқықтарының салдары болып табылады. Сонымен қатар, мақалада «құқық үстемдігі» тұжырымдамасының негізін қалаудағы жəне жетілдірудегі ағылшын соттарының рөлі мен орны атап өтіліп, Британия конституциясының кейбір негізгі қағидаттарының мəнін ашуға əрекет жасалады. Тірек сөздер: Альберт Венн Дайси, құқық үстемдігі, өктемдік, құқықтық мемлекет, конституция, заң, жалпы құқық, сот, ағылшын конституционализмі, конституция қағидаттары.

Для цитирования и библиографии: Темирбеков Ж.Р. Альберт Венн Дайси және Құқық Үстемдігі // Право и государство. 2021. № 1(90). – С. 6-14. DOI: 10.51634/2307-5201_2021_1_6

Темирбеков Ж.Р. Альберт Венн Дайси и Верховенство права. В статье рассматриваются размышления известного английского теоретика конституционного права Альберта Венн Дайси (Albert Venn Dicey) о концепции «Rule of law» («Верховенство права»), которую он впервые выдвинул во второй половине XIX века. Выделяются три особенности концепции «верховенства права» Дайси. Во-первых, «верховенство права» – это господство или верховенство общего права, которое противоречит дискреционной власти и исключает существование произвола, исключительных полномочий или даже широких полномочий государственной власти. Во-вторых, «верховенство права» означает равенство перед законом или равное подчинение всех классов в стране общему праву, которое применяется судами. В-третьих, в Англии, нормы конституционного права являются не источником прав человека, а скорее наоборот, следствием прав людей, определенных и примененных судами. Также в работе отмечается роль и место английских судов в формировании и развитии концепции «верховенства права», предпринята попытка раскрыть сущность основных принципов Британской конституции. Ключевые слова: Альберт Венн Дайси, верховенство права, господство, правовое государство, конституция, закон, общее право, суд, английский конституционализм, принципы конституции.
Temirbekov Zh.R. Albert Venn Dicey and the Rule of Law. The article «Albert Venn Dicey and the Rule of law» is devoted to considering reflections of the famous British constitutional law theorist Albert Venn Dicey about the concept of “Rule of Law”, which he first put forward in the second half of the XIX century. The author notes three features of the concept of “Rule of Law” of Dicey. First of all, the “Rule of Law” is the supremacy of common law, which contradicts discretionary power and excludes arbitrary behaviour, exclusive powers, or even ample powers of state authorities. Secondly, the “Rule of Law” means equality before the law or equal subordination of all classes in the country to the common law that the courts apply. Thirdly, in England, the norms and constitutional law are not a source of human rights, but rather, on the contrary, a consequence of the rights of people determined and applied by the courts. In addition, the paper shows the role and place of the English courts in the formation and development of the concept of “Rule of Law”, and describes an attempt to reveal insights into the essence of basic principles of the British Constitution. Key words: Albert Venn Dicey, rule of law, supremacy, Rechtsstaat, constitution, law, common law, court, English constitutionalism, principles of the constitution.
Читать статью


Танымал мақалалар

© КАЗГЮУ Университетi, 2024
© "Құқық және мемлекет" журналы, 2024
Материалдарды қолдану кезінде «Құқық және мемлекет» журналына сілтеме жасалу міндетті.
Журналдың материалдарында білдірілген пікірлер редакцияның көзқарасымен сәйкес келе бермейді.
Яндекс.Метрика