Popular articles

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Last numbers of journals

Criminal law

Displaying 1-10 of 30 results.

Автор Биебаева А.А., Калгужинова А.М

Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі қылмыстық жауаптылықтан босату институты нормаларының заманауи Қазақстанның құқық қолдану тəжірибесінде жиі қолданылуымен айқындалады, атап айтқанда, елімізде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың шамамен бестен бірі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешім қабылданады. Зерттеудің мақсаты – сабақтас қылмыстық-құқықтық институттармен салыстыру арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатудың мəнін ашу. Мақаланы жазу барысында негізінен заңнаманы жүйелі-құрылымдық талдау тəсілі қолданылды. Мақаланың жаңашылдығы авторлардың материалдық жəне процестік қылмыстық құқықтың қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тəртібін реттейтін нормалары арасындағы сəйкессіздікті жоюдың нақты жолдарын ұсынуынан көрініс береді. Негізгі қорытындылар: Қылмыстық жауаптылықтан босатудың қылмыстық істі тоқтату туралы процестік шешім шығарғанда ескерілуі тиіс мəндік сипаттары аталады. Қылмыстық-процестік заңнаманың қылмыстық жауаптылықтан босату тəртібін реттейтін нормаларын материалдық қылмыстық құқықтың идеологиясымен сəйкестікке келтіріп, соттарды айыптау үкімін шығара отырып қылмыстық жауаптылықтан босату құқығынан айыру ұсынылады. Авторлардың пікірі бойынша, бұл қадам қылмыстық жауаптылықтан босату жəне жазадан босату институттарының арасында айқын жік жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан босатудың ынталандырушылық əлеуетін толық пайдалануға жол ашады. Тірек сөздер: қылмыстық жауаптылықтан босату; жазадан босату; қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мəн-жайлар; əрекеттің мардымсыздығы; əрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мəн-жайлар; өз еркімен бас тарту.
Биебаева А.А., Калгужинова А.М. Сущность освобождения от уголовной ответственности, его соотношение со смежными институтами уголовного права. Актуальность темы научной статьи обусловлена широким применением норм института освобождения от уголовной ответственности в правоприменительной практике современного Казахстана, в частности, примерно по одной пятой регистрируемых уголовных правонарушений принимается решение об освобождении от уголовной ответственности. Цель исследования – раскрытие сущности освобождения от уголовной ответственности через сопоставление со смежными уголовно-правовыми институтами. При работе над статьей преимущественно применялся метод системно-структурного анализа законодательства. Новизна статьи заключается в выработке конкретных путей преодоления рассогласованности между нормами материального и процессуального уголовного права, регламентирующими основания и порядок освобождения от уголовной ответственности. Основные выводы: Обозначены сущностные  характеристики освобождения от уголовной ответственности, которые должны приниматься во внимание при принятии процессуального решения о прекращении уголовного дела. Предлагается привести нормы уголовно-процессуального законодательства, регламентирующие порядок освобождения от уголовной ответственности, в соответствие с идеологией материального уголовного права и лишить суды права выносить обвинительный приговор с освобождением от уголовной ответственности. По мнению авторов, данный шаг позволит выстроить четкую грань между институтами освобождения от уголовной ответственности и освобождения от наказания, а также в полном объеме использовать поощрительный потенциал освобождения от уголовной ответственности. Ключевые слова: освобождение от уголовной ответственности; освобождение от наказания; обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование; малозначительность деяния; обстоятельства, исключающие преступность деяния; добровольный отказ. 
Biyebayeva A.A., Kalgujinova А.M. The essence of exemption from criminal liability, its relationship with related institutions of criminal law. The relevance of the topic of a scientific article is due to the widespread use of the norms of the institution of exemption from criminal liability in the law enforcement practice of modern Kazakhstan, in particular, approximately one fifth of the registered criminal offenses decide on exemption from criminal liability. The purpose of the study is to disclose the essence of exemption from criminal liability through comparison with related criminal law institutions. When working on the article, the method of system-structural analysis of the legislation was mainly used. The novelty of the article lies in the development of specific ways to overcome the inconsistency between the norms of substantive and procedural criminal law that regulate the grounds and procedure for exemption from criminal liability. Main conclusions: The essential characteristics of exemption from criminal liability are indicated, which should be taken into account when making a procedural decision to terminate the criminal case. It is proposed to bring the norms of the criminal procedure legislation governing the procedure for exemption from criminal liability in accordance with the ideology of substantive criminal law and deprive the courts of the right to render a verdict with exemption from criminal liability. According to the authors, this step will make it possible to draw a clear line between the institutes of exemption from criminal liability and exemption from punishment, as well as make full use of the incentive potential of exemption from criminal liability. Key words: exemption from criminal liability; exemption from punishment; circumstances allowing not to prosecute;insignificance of the act; circumstances precluding the crime of an act; voluntary refusal.
Читать статью


Автор Исмагулова А.Т

В статье представлен сравнительно-правовой анализ норм УК Республики Казахстан и УК Российской Федерации, устанавливающих ответственность за незаконную организацию и проведение азартных игр, выявляется сходство и различие в законодательстве двух стран по теме, а также вносятся определенныепредложения по совершенствованию УК Казахстана и России, направленные на эффективное противодействие незаконному игорному бизнесу. Ключевые слова: азартные игры, незаконный игорный бизнес, уголовная ответственность, лудомания, игорные зоны, преступления в сфере экономики, преступления против общественной нравственности, Уголовный кодекс Казахстана, Уголовный кодекс России, игорные заведения.
Исмагулова А.Т.  Қазақстан және Ресей Қылмыстық кодекстары бойынша құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізудің қылмыстық жауапкершілігін іске асыру мәселелері. Мақалада құмар ойындарын заңсыз ұйымдастыру мен өткізудің қылмыстық жауапкершілігін белгілейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің нормаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жасалады, тақырып бойынша екі елдің заңнамасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталады, сондай-ақ, заңсыз құмар ойындарына қарсы тиімді күресуге бағытталған Қазақстан мен Ресейдің Қылмыстық кодексін жетілдіру бойынша белгілі бір ұсыныстар беріледі. Түйінді сөздер: құмар ойындар, заңсыз ойындар бизнесі, қылмыстық жауапкершілік, лудомания (ойын құмарлық), ойын аймақтары, экономика саласындағы қылмыс, қоғамдық құлықтылыққа қарсы қылмыс, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі, ойын орындары.
Ismagulova A.  Problems of realization of criminal responsibility for the organization and conduct of gambling under the Criminal Code of Kazakhstan and Russia. The author considers the current problems of the implementation of the criminal liability for the illegal organization and conduct of gambling, conducts comparative legal analysis of the norms of the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan and the Criminal Code of the Russian Federation establishing responsibility for this kind of criminal acts, identify similarities and differences in the two laws on the subject as well as making some proposals to improve the Criminal Code of Kazakhstan and Russia, aimed at effectively countering illegal gambling. Keywords: gambling, illegal gambling, criminal liability, Gamblers, gaming zones, economic crimes, crimes against public morality, the Criminal Code of Kazakhstan, the Russian Criminal Code, gambling establishments.
Читать статью


Автор Михайленко Д.Г

В статье исследуются теоретические и нормативные положения национальных систем права Украины и Казахстана, которые могут блокировать полноценную реализацию нормы о незаконном обогащении (в смысле ст. 20 Конвенции ООН против коррупции). Устанавливается, что основным препятствием введения в правовые системы Украины и Казахстана исследуемого антикоррупционного инструмента является принцип презумпции невиновности. Обосновывается вывод о необходимости изучения возможности и целесообразности частичного ограничения действия этого принципа нормой о незаконном обогащении в целях противодействия коррупции. Ключевые слова: коррупция, коррупционные преступления, Концепция ООН против коррупции, многорубежная модель уголовноправового противодействия коррупции, незаконное обогащение, принцип презумпции невиновности, бремя доказывания, презумпции в уголовном праве.
Михайленко Д.Г. Ұлттық құқықта заңсыз баю жөніндегі нормаларды іске асыруға кедергілер. Мақалада заңсыз баю жөніндегі нормалардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясының 20-бабының мағынасында) толық орындалуына бөгет болуы мүмкін Украина мен Қазақстан құқықтарының ұлттық жүйесінің теориялық және нормативті ережелері қарастырылады. Атап кеткен елдердің құқық жүйесіне зерттелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды енгізуге басты кедергі кінәсіздік презумпция қағидасы болып табылады деп көрсетілген. Бұл қағиданың қолданылуын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында ішінара заңсыз баю жөніндегі нормалармен шектеу мүмкіндігін және орындылығын зерделеу қажеттігі туралы қорытынды жасалады. Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық-құқықтық күрестің көпмежелі үлгісі, заңсыз баю, кінәсіздік презумпция қағидасы, дәлелдеудің ауыртпалығы, қылмыстық құқықтағы презумпциялар.
Mykhailenko D.  Obstacles for implementation of the norm on illicit enrichment to the national legislation. The article examines theoretical and normative provisions of national legal systems of Ukraine and Kazakhstan, that may block full realization of the legal norm on illicit enrichment (in the meaning of the Art. 20 of the UN Convention against corruption), and defines its actual correspondence to the composition of this crime. In the article the author defines that the main obstacle for the introduction of the instrument, examined in the article to the legal systems of Ukraine and Kazakhstan is in the principle of presumption of innocence. The author substantiates the conclusion on the necessity to study of possibilities and appropriateness of partial restriction of this principle by the norm on illicit enrichment, with the purpose of countering corruption both, in Ukraine and Kazakhstan. It is shown that arguments against introduction of the norm on illicit enrichment themselves cannot prevent it. Keywords: corruption, corruption offences, UN Convention against corruption, multi frontier model of criminal and legal counteraction against corruption, illicit enrichment, principle of presumption of innocence, proof burden, presumptions in criminal law.
Читать статью


Автор Оразбаева А.А., Темирбеков Ж.Р

(a_orazbayeva@kazguu.kz; zh_temirbekov@kazguu.kz)
Актуальность статьи обусловлена наличием спорных вопросов по результатам изучения психического здоровья человека в состоянии алкогольного опьянения и отражением критериев вменяемости в нормативно-правовых предписаниях отечественного законодательства. Цель исследования – проанализировать особенности воздействия алкоголя на организм человека; изучить опыт некоторых стран по привлечению к ответственности лиц за правонарушения, совершенные в состоянии алкогольного опьянения; рассмотреть теоретико-правовые, нормативно-правовые аспекты юридической ответственности лиц, совершивших правонарушения в состоянии алкогольного опьянения. В процессе исследования использованы такие методы исследования как анализ, анкетирование, сравнительно-правовой метод, формально-юридический метод и другие. В результате исследования можно сделать вывод, что алкоголь признается веществом, вызывающим психическое расстройство; в отдельных странах за некоторые правонарушения, совершенные в алкогольном опьянении существует освобождение от юридической ответственности или ее смягчение; законодательство Республики Казахстан в части юридической ответственности за совершение правонарушений в состоянии алкогольного опьянения требует внесения изменений и дополнений с целью его приведения в соответствие с международными документами и научно-обоснованными результатами специалистов в области наркологии. Ключевые слова: алкоголь, вменяемость, ограниченная вменяемость, невменяемость, правонарушитель, алкогольное опьянение, юридическая ответственность, психическое расстройство, глубокое расстройство сознания, actio libera in causa.

Оразбаева А.А., Темірбеков Ж.Р. Алкогольдік масаң және ақыл-есі дұрыстық: дискуссиялық сұрақтар. Мақаланың өзектілігі алкогольдік масаң күйдегі адамның психикалық денсаулығын зерттеу нәтижелерінің және отандық заңнаманың нормативтік құқықтық нұсқамаларында есі дұрыстық критерийлерін көрсетудің арасында даулы сұрақтардың болуына байланысты. Зерттеудің мақсаты – алкогольдің адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерін талдау; кейбір елдерде мас күйінде жасаған құқық бұзушылықтары үшін адамдарды жауапқа тарту тәжірибесін зерделеу; мас күйінде құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың құқықтық жауапкершілігінің теориялық-құқықтық, нормативтік-құқықтық аспектілерін қарастыру. Зерттеу барысында анализ, сауалнама жүргізу, салыстырмалы-құқықтық әдіс, формальды-құқықтық әдіс және т.б зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде алкоголь психикалық ауруды тудыратын зат ретінде танылады деген қорытынды жасауға болады; кейбір елдерде алкогольдік масаң күйде жасалған кейбір құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершіліктен босату немесе оны жеңілдету қарастырылған; Қазақстан Республикасының заңнамасы субъект мас күйінде құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды жауапкершілік бөлігінде халықаралық құжаттарға және наркология саласындағы мамандардың ғылыми негізделген нәтижелеріне сәйкес келтіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Тірек сөздер: алкоголь, ақыл-есі дұрыстық, ақыл-есі шектеулі, бейестілік, құқық бұзушы, алкогольдік мас болу, заңды жауапкершілік, психикалық бұзылу, сананың терең бұзылуы, actio libera in causa.

Orazbayeva A.A., Temirbekov Zh.R. The state of alcoholic drinking and sanity: discussion issues. The relevance of the article is due to the presence of controversial issues based on the results of the study of the mental health of a person in a state of alcoholic intoxication and the reflection of the criteria of sanity in the regulatory and legal requirements of domestic legislation. The purpose of the study is to analyze the characteristics of the effects of alcohol on the human body; to study the experience of some countries in prosecuting persons for offenses committed while intoxicated by alcohol; consider the theoretical and legal, regulatory and legislative aspects of the legal responsibility of persons who have committed offenses while intoxicated. In the course of the research, such research methods were used as analysis, questioning, comparative legal method, formal legal method and others. As a result of the study, it can be concluded that alcohol is recognized as a substance causing mental illness; in some countries, for some offenses committed in alcoholic intoxication, there is an exemption from legal liability or its mitigation; The legislation of the Republic of Kazakhstan in terms of legal responsibility for committing offenses while intoxicated by alcohol requires amendments and additions in order to bring it in line with international documents and scientifically grounded results of specialists in the field of narcology. Keywords: alcohol, sanity, limited sanity, insanity, delinquent, alcohol intoxication, legal liability, mental disorder, profound disorder of consciousness, actio libera in causa.

Читать статью


Автор Добряков Д.А

(dobryakov-d@rudn.ru)
Уголовное законодательство Республики Корея, являющейся одним из наиболее развитых государств Восточной Азии и мира в целом, представляет большой исследовательский интерес в силу его недостаточной изученности зарубежными авторами и, в частности, представителями юридической науки стран СНГ и бывшего СССР. Особого внимания заслуживают институты южнокорейского уголовного законодательства, которые стали достаточно бурно развиваться после 1953
года, когда право Республики Корея постепенно освобождалось от воздействия «внешних факторов» – влияния со стороны Китая, Японии и других стран. При этом до настоящего времени для уголовного законодательства Республики Корея существенное значение имеют собственные и региональные культурные (прежде всего
– конфуцианские) традиции, нисколько не мешающие прогрессу общества и права страны. В данной статье анализируются основные этапы развития южнокорейского уголовного законодательства, его структура, представленная системой источников (Уголовный кодекс Республики Корея 1953 года, специальные уголовные законы и законы, содержащие отдельные положения об уголовной ответственности), а также некоторые вопросы преступности и наказуемости запрещённых уголовным законодательством деяний. Предметом исследования в данной статье являются основные особенности уголовного законодательства Республики Корея и система его источников, рассматриваемые в контексте исторического развития права этой страны и отдельных аспектов правоприменения. Целью исследования стал анализ соответствующих вопросов и обобщение полученных выводов. Научная новизна проведённого исследования обусловлена актуальностью избранной темы, а также широким использованием южнокорейского нормативного материала, обращением к судебной практике и доктринальным работам южнокорейских авторов на языке оригинала. В ходе работы над статьёй были использованы формально-юридический, историко-правовой и сравнительно-правовой методы научного исследования. Выводы, сформулированные в статье, и само исследование имеют определённое теоретическое значение и могут послужить основой для последующего изучения вопросов уголовного права Республики Корея. Практическое значение данного исследования состоит в том, что оно может быть использовано в учебном процессе и учтено в практической деятельности законодателей заинтересованных стран. Ключевые слова: Республика Корея, уголовное право, уголовное законодательство, источники права, Уголовный кодекс, специальный уголовный закон, преступление, уголовная ответственность, уголовное наказание, сравнительное правоведение.

Добряков Д.А. Корея Республикасының қылмыстық заңнамасының жалпы сипаттамасы және жүйесі. Шығыс Азияның және жалпы әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің бірі болып табылатын Корея Республикасының қылмыстық заңнамасы шетелдік авторлардың, атап айтқанда, ТМД елдері мен бұрынғы КСРО заң ғылымының өкілдерімен жеткіліксіз зерделенуіне байланысты үлкен зерттеушілік қызығушылық тудырады. 1953 жылдан кейін Корея Республикасының құқығы біртіндеп «сыртқы факторлардың» ықпалынан – Қытай, Жапония және басқа елдердің әсерінен арылған кезде қарқынды дами бастаған Оңтүстік Корея қылмыстық заңнамасының институттары ерекше назар аударуға лайық. Бұл ретте осы уақытқа дейін Корея Республикасының қылмыстық заңнамасы үшін қоғамның және ел құқығының ілгерілеуіне еш кедергі келтірмейтін өзіндік және аймақтық мәдени (ең алдымен – конфуцилық) дәстүрлердің маңызы зор. Мақалада Оңтүстік Кореяның қылмыстық заңнамасының дамуының негізгі кезеңдері, оның қайнар көздер жүйесімен (Корея Республикасының 1953 жылғы Қылмыстық кодексі, арнайы қылмыстық заңдар және қылмыстық жауапкершілік туралы жекелеген ережелерді қамтитын заңдар) ұсынылған құрылымы, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердің қылмыстылығы мен жазаланушылығының кейбір мәселелері талданады. Осы мақаланың зерттеу пәні Корея Республикасының қылмыстық заңнамасының негізгі ерекшеліктері және осы елдің құқығының тарихи дамуы және құқық қолданудың жекелеген аспектілері тұрғысынан қарастырылатын оның қайнар көздерінің жүйесі болып табылады. Зерттеудің мақсаты тиісті мәселелерді талдау және алынған қорытындыларды жалпылау болды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы таңдалған тақырыптың өзектілігімен, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның нормативтік материалдарының кеңінен қолданылуымен, сот практикасына және Оңтүстік Корея авторларының түпнұсқа тілдегі доктриналық жұмыстарына жүгінумен айқындалады. Мақала жазу барысында ғылыми зерттеудің формальды-құқықтық, тарихи-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық әдістері қолданылды. Мақалада тұжырымдалған қорытындылар мен зерттеудің өзі белгілі бір теориялық маңызға ие және Корея Республикасының қылмыстық құқығы мәселелерін одан әрі зерттеуге негіз бола алады. Бұл зерттеудің практикалық маңызы оны оқу процесінде қолдануға және мүдделі елдердің заң шығарушыларының практикалық қызметінде ескеруге болатындығынан көрінеді. Тірек сөздер: Корея Республикасы, қылмыстық құқық, қылмыстық заңнама, құқықтың қайнар көздері, Қылмыстық кодекс, арнайы қылмыстық заң, қылмыс, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық жаза, салыстырмалы құқықтану.

Dobryakov D.A. General characteristics and system of the Republic of Korea criminal legislation. The criminal legislation of the Republic of Korea, which is one of the most developed countries in East Asia and the world as a whole, is of great research interest due to its insufficient study by foreign authors and, in particular, representatives of the legal science of the CIS and the former USSR countries. Especially noteworthy are the institutions of South Korean criminal law, which began to develop quite rapidly after 1953, when the law of the Republic of Korea was gradually freed from the influence of «external factors» – influence from China, Japan and other states. At the same time, up to the present, the own and regional cultural (primarily Confucian) traditions have significant importance for the Korean criminal legislation, and that in no way hinder the progress of society and the law of the country. This article analyzes the main stages in the South Korean criminal legislation development, its structure, represented by a system of sources (the Criminal Code of the Republic of Korea of 1953, special criminal laws and laws containing separate provisions on criminal liability), as well as some issues of criminality and punishability of acts prohibited by criminal legislation. The subject of research in this article is the main features of the criminal legislation of the Republic of Korea and the system of its sources, considered in the context of the historical development of the country’s national law and certain aspects of legal practice. The purpose of the study is to analyze the relevant issues and summarize the findings. The scientific novelty of the study is due to the relevance of the chosen subject, as well as the widespread use of South Korean regulatory material, reference to judicial practice and doctrinal works of local authors in the original language. In the course of the research, formal-legal, historical-legal and comparative-legal scientific methods were used. The findings formulated in the article and the research itself have a certain theoretical significance and can serve as a basis for further study of the issues of the Republic of Korea criminal law. The practical significance of this research lies in the fact that it can be used in the educational process and taken into account in the practical activities of the legislators of the countries concerned. Keywords: Republic of Korea, criminal law, criminal legislation, sources of law, criminal (penal) code, special criminal law, crime, criminal liability, criminal punishment, comparative law.

Читать статью


Автор Сейтенов Қ.Қ

(ise.astana@yandex.kz)
Заңнамада қылмыстық құқық бұзушылық ұғымының болмауы қылмыстық-құқықтық саладағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, оны шешудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжатында – Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында бекітілген. Қылмыстық құқық бұзушылық құқықтық санат ретінде әлемнің көптеген елдерінің қылмыстық заңнамасында бекітілген. Біздің республикамыздың қылмыстық заңында қылмыстық теріс қылық пен қылмыстың нақты анықтамалары бар, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымы жоқ. Бұл ұғым қылмыстық құқық доктринасы және қылмыстық заңнаманы (Қылмыстық кодекс және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары) қолдану практикасы үшін маңызды болып табылады. Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымын заңнамалық айқындау қажеттілігі туралы авторлық ұстанымды баяндау болып табылады. Жарияланымның ғылыми жаңалығы қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін баяндауға және оны ҚР ҚК-де анықтауға авторлық ғылыми ұстаныммен айқындалған. Мақаланы дайындау кезінде «қылмыстық құқық бұзушылық» анықтамасын қылмыстық-құқықтық бекітудің нормалары мен ережелерін зерттеудің жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері қолданылды. Зерттеу объектісі қылмыстық құқық бұзушылық мәселелерін реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Зерттеу пәнінің тақырыбы – қылмыстық құқық бұзушылық институтының құқықтық табиғатын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар. Қысқаша тұжырымдар: 1) Қазақстанның қылмыстық заңнамасында қылмыстық құқық бұзушылық институты аса маңызды және базалық болып табылады, қылмыстық құқық бұзушылық ұғымына қатысты теориялық ұстанымдар бар, бұл ретте оның заңнамалық анықтамасы жоқ; 2) қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және оның белгілерін айқындау қылмыстық заңды және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қолдану практикасы үшін аса маңызды мәнге ие және олардың заңнамалық сипаты болуы қажет, бұл республиканың қылмыстық саясатының негізгі бағыттарын іске асырумен ұштасады. Тірек сөздер: әкімшілік құқық бұзушылық; кінәлілік; жазаланушылық; қоғамдық қауіп; заңсыздық; қылмыстық зaң; қылмыстық құқық бұзушылықтaр; қылмыс; қылмыстық тeріс қылық; қылмыстық саясат.

Сейтенов К.К. О реализации ключевых положений Концепции правовой политики до 2030 года в уголовно-правовой сфере. Отсутствие понятия уголовного правонарушения в отечественном законодательстве является одним из актуальных вопросов уголовно-правовой сферы, важность и необходимость решения, которого закреплены в Концепции правовой политики Республики Казахстан до 2030 года. Уголовное правонарушение как правовая категория закреплена в уголовном законодательстве многих стран мира. Уголовный закон нашей страны содержит конкретные определения уголовного проступка и преступления, при этом само понятие «уголовное правонарушение» отсутствует. Данное понятие является важным для доктрины уголовного права и практики применения уголовного законодательства (Уголовного кодекса Республики Казахстан и нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан). Целью написания статьи является изложение авторской позиции о необходимости законодательного определения понятия «уголовное правонарушение» в отечественном уголовном законе. Научная новизна публикации определяется авторским научным подходом к изложению признаков уголовного правонарушения и его определения в Уголовном кодексе Республики Казахстан. При подготовке статьи использованы общенаучные и частно-научные методы исследования норм и положений уголовного-правового закрепления дефиниции «уголовное правонарушение». Объектом исследования является совокупность общественных отношений, регулирующих вопросы уголовного правонарушения. Предметом исследования выступают уголовно-правовые нормы, регламентирующие правовую природу института уголовного правонарушения. Краткие выводы: 1) в уголовном законодательстве Казахстана важнейшим и базовым является институт уголовного правонарушения, имеются теоретические подходы относительно понятия уголовного правонарушения, при этом его законодательное определение отсутствует; 2) понятие уголовного правонарушения и определение его признаков имеют важнейшее значение для практики применения уголовного закона и нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан и их законодательное обличие необходимо, что корреспондирует с реализацией основных направлений уголовной политики республики. Ключевые слова: административное правонарушение; виновность; нaкaзуемость; общественная опасность; противоправность; угoлoвный зaкoн; угoлoвнoe прaвoнaрушeниe; прeступлeниe; угoлoвный прoступoк; уголовная политика.

Seitenov K.K. On implementation of the key provisions of the Concept of Legal Policy until 2030 in criminal law sphere. The absence of the concept of a criminal offense in the legislation is one of the topical issues of the criminal law sphere, the importance and necessity of solving which is enshrined in the program documents of the Republic of Kazakhstan – in the Concept of Legal Policy of the Republic of Kazakhstan until 2030. A criminal offense as a legal category is enshrined in the criminal legislation of many countries of the world. The Criminal law of our republic contains specific definitions of a criminal offense and a crime, while there is no concept of a criminal offense itself. This concept is important for the doctrine of criminal law and the practice of applying criminal legislation (the Criminal Code and regulatory decisions of the Supreme Court). The purpose of the article is to present the author’s position on the need for a legislative definition of the concept of «criminal offense» in the criminal law of the Republic of Kazakhstan. The scientific novelty of the publication is determined by the author’s scientific approach to the presentation of the signs of a criminal offense and its definition in the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan. In the preparation of the article, general scientific and private scientific methods were used to study the norms and provisions of the criminal-legal consolidation of the definition of «criminal offense». The object of the study is a set of public relations regulating issues of criminal offense. The subject of the study is the criminal law norms regulating the legal nature of the institution of a criminal offense. Brief conclusions: 1) in the criminal legislation of Kazakhstan, the most important and basic is the institution of a criminal offense, there are theoretical approaches to the concept of a criminal offense, while there is no legislative definition of it; 2) the concept of a criminal offense and the definition of its signs are of crucial importance for the practice of applying the criminal law and regulatory decisions of the Supreme Court and their legislative appearance is necessary, which corresponds to the implementation of the main directions of the criminal policy of the republic. Кeywords: administrative offense; guilt; punishability; public danger; illegality; penal law; criminal offense; the crime; criminal misconduct; criminal policy.

Читать статью


Автор Atadjanov R.B

(r.atadjanov@kimep.kz)
The principle of humanism is one of the key principles of criminal law, the importance of which can hardly be overestimated. One of the practical expressions of this principle is the concept of excuses and justifications in criminal law. The application of this concept allows to achieve the fullest assessment of the objective and subjective aspects of the wrongful act. The topicality of this article is in that the concept of excuses and justifications requires a comprehensive study in order to develop it further. Especially, the availability of doctrinal sources of legal interpretation in this field is relevant for the countries whose criminal legislation and law enforcement practice are still in the process of establishment. This article clarifies the concept of excuses and justifications, provides a comparative analysis of legislation in the field of grounds for exemption from criminal responsibility and punishment which constitutes the subject of this work, and discusses the main aspects of implementation and application of the concept in the criminal law of Kazakhstan and Uzbekistan. Undertaking such an analysis is necessitated by the fact that criminal law, with its key legal institutions, is currently actively developing in both countries. The article’s purpose is to keep track of those developments and reveal the gaps, in order to suggest any possible solutions. The comparative method of researching these two Central Asian criminal jurisdictions under review is used for the first time in a scholarly piece in English. In short, the article arrives at the following main conclusions: (1) while being included in the criminal jurisdictions of both Kazakhstan and Uzbekistan, the implementation of the institution of excuses and justifications in each of these jurisdictions went in their own unique ways and directions which may be easily explained by the unique contextual developments of law and practice; (2) the observed trends in the development of this institution in both states are to be lauded, and (3) the more specific the legal rules on excuses and justifications are, the better they can serve the purpose of professional qualification of criminal offences. Keywords: Criminal law; general principles of criminal law; principle of humanity; excuses and justifications; right to a fair trial; criminal responsibility; criminal punishment; Criminal Code; Kazakhstan; Uzbekistan.

Атаджанов Р.Б. Қазақстан мен Өзбекстанның қылмыстық заңнамасындағы әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар: салыстырмалы шолу. Гуманизм қағидаты қылмыстық құқықтың маңызды қағидаттарының бірі болып табылады, оның маңызын асыра бағалау қиын. Осы қағидаттың практикалық
көрінісі қылмыстық құқықтағы іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мәнжайлар институты болып табылады. Бұл тұжырымдаманы қолдану құқыққа қайшы әрекеттің объективтік және субъективтік жақтарын барынша толық бағалауға мүмкіндік береді. Осы мақаланың өзектілігі әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар тұжырымдамасы оны одан әрі дамыту мақсатында жанжақты зерттеуді талап ететіндігінен көрінеді. Бұл салада құқықтық түсіндірудің доктриналық көздерінің болуы қылмыстық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесі әлі де одан әрі даму сатысында тұрған елдер үшін ерекше өзекті болып табылады. Мақалада әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар түсінігі нақтыланады, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздері саласындағы заңнамаға – бұл зерттеудің пәнін құрайды – салыстырмалы талдау жүргізіледі, сондай-ақ осы институттың Қазақстан мен Өзбекстанның қылмыстық заңнамасында жүзеге асырылуы мен қолданылуының негізгі аспектілері қарастырылады. Мұндай талдаудың қажеттілігі қылмыстық заңның негізгі құқықтық институттарының қазіргі уақытта екі елде де белсенді дамып келе жатқандығымен айқындалады. Мақаланың мақсаты – осы дамуға көз жүгірту және, бар болса, олқылықтарды анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну. Осы екі қарастырылып отырған ортаазиялық қылмыстық-құқықтық жүйені зерттеудің салыстырмалы әдісі ағылшын тіліндегі ғылыми мақалада алғаш рет қолданылып отыр. Қысқаша айтқанда, мақалада мынадай негізгі қорытындылар жасалды: (1) Қазақстанның да, Өзбекстанның да қылмыстық юрисдикциясына енгізген кезде осы юрисдикциялардың әрқайсысы әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар институтын іске асырудың өз жолы мен бағыттарын ұстанды, мұны осы елдердегі құқық пен практиканың контекстік дамуының бірегейлігімен оңай түсіндіруге болады; (2) екі мемлекетте де осы институттың дамуында байқалатын үрдістерді құптау керек; 3) әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы құқықтық нормалар неғұрлым нақты болса, олар қылмыстық құқық бұзушылықтарды кәсіби саралау мақсатына соғұрлым жақсы қызмет ете алады. Тірек сөздер: қылмыстық құқық; қылмыстық құқықтың жалпы қағидаттары; гуманизм қағидаты; әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар; әділ сот талқылауына құқық; қылмыстық жауаптылық; қылмыстық жаза; Қылмыстық кодекс; Қазақстан; Өзбекстан.

Атаджанов Р.Б. Обстоятельства, исключающие противоправность деяния в уголовном праве Казахстана и Узбекистана: сравнительный обзор. Принцип гуманизма является одним из ключевых принципов уголовного права, значение которого трудно переоценить. Одним из практических выражений этого принципа является понятие обстоятельств, исключающих противоправность деяния в уголовном праве. Применение данной концепции позволяет добиться наиболее полной оценки объективной и субъективной сторон противоправного деяния. Актуальность данной статьи заключается в том, что концепция обстоятельств, исключающих противоправность деяния, требует всестороннего изучения с целью ее дальнейшего развития. Особенно актуально наличие доктринальных источников правового толкования в данной сфере для стран, чье уголовное законодательство и правоприменительная практика еще находятся в процессе дальнейшего становления. В данной статье уточняется понятие обстоятельств, исключающих противоправность деяния, проводится сравнительный анализ законодательства в области оснований освобождения от уголовной ответственности и наказания – что составляет предмет настоящей работы, а также рассматриваются основные аспекты реализации и применения данного института в уголовном законодательстве Казахстана и Узбекистана. Необходимость такого анализа обусловлена тем, что уголовное право с его ключевыми правовыми институтами в настоящее время активно развивается в обеих странах. Цель статьи – отследить это развитие и выявить пробелы, если таковые имеются, чтобы предложить возможные решения. Сравнительный метод изучения двух рассматриваемых центральноазиатских уголовно-правовых систем впервые используется в научной статье на английском языке. Вкратце, в статье сделаны следующие основные выводы: (1) при включении в уголовные юрисдикции как Казахстана, так и Узбекистана, реализация института обстоятельств, исключающих противоправность деяния, в каждой из этих юрисдикций шла по своим собственным путям и направлениям, что можно легко объяснить уникальным контекстуальным развитием права и практики в этих странах; (2) следует приветствовать наблюдаемые тенденции в развитии этого института в обоих государствах, и (3) чем конкретнее правовые нормы об обстоятельствах, исключающих противоправность деяния, тем лучше они могут служить цели профессиональной квалификации уголовных правонарушений. Ключевые слова: уголовное право; общие принципы уголовного права; принцип гуманизма; обстоятельства, исключающие противоправность деяния; право на справедливый суд; уголовная ответственность; уголовное наказание; Уголовный кодекс; Казахстан; Узбекистан.

Читать статью


Автор Биебаева А.Ә., Калгужинова А.М.

(ardak_22@mail.ru) (k_aigul_75@mail.ru)
Қазақстанның қылмыспен келтірілген зиянды жәбірленушілерге мемлекет есебінен өтеу идеясын қабылдап, жәбірленушілердің құқықтарын мемлекеттік қорғаудың толыққанды институтын құру бағытында нақты қадамдарды қолға алуы мақала тақырыбының өзектілігін айқындайды. Зерттеу пәнін Қазақстан Республикасының жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасы құрады. Зерттеудің мақсаты – жәбірленушілерге мемлекет есебінен өтемақы төлеудің қазақстандық үлгісін шетелдік үлгілермен салыстыра отырып, оның ұтымды және кемшін тұстарына баға беру. Бұл мақсатқа жету жолында авторлар құқықтық болмысты танудың салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, жүйелі-құрылымдық талдау әдістерінің көмегіне жүгінді. Мақаланың жаңашылдығы мәжбүрлі төлемнің құқықтық табиғаты жайлы мәселенің алғаш рет көтерілуімен және оны Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастырудың негізгі көзі ретінде танудың орындылығына қатысты сыни көзқарастың айтылуымен айқындалады. Зерттеу нәтижесінде авторлар жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы ұлттық заңнама өтемақы алуға құқығы бар адамдардың санатын айқындау, өтемақыны тағайындау және төлеу тәртібін реттеу мәселесінде қылмыс құрбандарына мейлінше қолайлы жағдай жасауға бағытталғандығы, ал жәбірленушіге төленетін өтемақының мөлшері және Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері мәселесінде сәтсіз ұстанымдар бар екендігі туралы қорытынды жасайды. Атап айтқанда, олар мәжбүрлі төлемді қылмыстық құқық бұзушылық үшін салынатын салыққа балап, одан бас тарту керектігін негіздейді, Жәбірленушілерге өтемақы қорын қылмыстық істер бойынша соттар тағайындаған айыппұлдың бір бөлігі және тәркіленген мүлікті сатудан түскен қаражат есебінен толықтыруға көшуді ұсынады. Тірек сөздер: қалпына келтіруші сот төрелігі; жәбірленуші; жәбірленушінің құқықтары; қылмыспен келтірілген зиян; қылмыс құрбандарына өтемақы институты; жәбірленушілерге өтемақы қорлары; жәбірленушілерге өтемақы қорларын қаржыландыру көздері; мәжбүрлі төлем.

Биебаева А.А., Калгужинова А.М. О принудительном платеже в системе компенсации потерпевшим и его правовой природе. Актуальность темы статьи обусловлена предпринимаемыми Казахстаном шагами в направлении создания полноценного института государственной защиты прав потерпевших, важным из которых стало воспринятие идеи компенсации потерпевшим причиненного преступлением вреда за счет государства. Предмет исследования составило законодательство Республики Казахстан о фонде компенсации потерпевшим. Цель исследования – сравнение казахстанской модели компенсации потерпевшим с аналогичными зарубежными моделями, оценка ее преимуществ и недостатков. Для достижения этой цели авторы прибегли к помощи таких методов познания правовой действительности как сравнительно-правовой, формально-правовой, системно-структурный анализ. Новизна статьи заключается в том, что в ней впервые поднимается вопрос о правовой природе принудительного платежа и высказываются критические замечания относительно целесообразности признания его основным источником формирования Фонда компенсации потерпевшим. По результатам исследования авторы приходят к выводу о том, что национальное законодательство о фонде компенсации потерпевшим направлено на создание наиболее благоприятных условий жертвам преступлений в вопросе определения категории лиц, имеющих право на получение компенсации, регулирования порядка назначения и выплаты компенсации, а подходы к определению размера компенсации, выплачиваемой потерпевшему, и источников формирования фонда компенсации потерпевшим оценивают как неудачные. В частности, они обосновывают необходимость отказа от принудительного платежа, воспринимаемого ими как налог на преступление, и предлагают перейти к практике пополнения Фонда компенсации потерпевшим за счет части штрафов, назначаемых судами по уголовным делам, и средств от реализации конфискованного имущества. Ключевые слова: восстановительное правосудие; потрепевший; права потрепевшего; причиненный преступлением вред; институт компенсации жертвам преступлений; фонды компенсации потерпевшим; источники финансирования фондов компенсации потерпевшим; принудительный платеж.

Biyebayeva А.А., Kalguzhinova А.М. On compulsory payment in the victim compensation system and its legal nature. The relevance of the topic of the article is determined by the steps taken by Kazakhstan towards the creation of a full-fledged institution of state protection of the rights of victims, the most important of which was the acceptance of the idea of compensation to victims of the harm caused by the crime at the expense of the state. The subject of the study is the legislation of the Republic of Kazakhstan on the Compensation Fund for Victims. The purpose of the study is to compare the Kazakh model of compensation for victims with similar foreign models, to assess its advantages and disadvantages. To achieve this goal, the authors resorted to such methods of cognition of legal reality as comparative legal, formal legal, system-structural analysis. The novelty of the article lies in the fact that it raises for the first time the question of the legal nature of compulsory payment and makes critical comments on the expediency of recognizing it as the main source of the formation of the Compensation Fund for Victims. According to the results of the study, the authors conclude that the domestic legislation on the victims’ compensation fund is aimed at creating the most favorable conditions for victims of crimes in determining the category of persons entitled to compensation, regulating the procedure for assigning and paying compensation, and approaches to determining the amount of compensation paid to the victim and sources of the victims’ compensation fund are assessed as unsuccessful. In particular, they justify the need to refuse compulsory payment, which they perceive as a tax on a crime, and suggest switching to the practice of replenishing the Compensation Fund for Victims at the expense of part of the fines imposed by criminal courts and funds from the sale of confiscated property. Keywords: restorative justice; the victim; the rights of the victim; the harm caused by the crime; the institution of compensation for victims of crimes; compensation funds for victims; sources of funding for compensation funds for victims; compulsory payment.

Читать статью


Автор Муканов О.Н

Различным видам экономических правонарушений в Уголовном Кодексе Республики Казахстан посвящена отдельная глава. В статье рассматриваются участившиеся в последнее время факты ложного и преднамеренного банкротства юридических лиц, имеющие негативный характер для экономики и национальной безопасности государства. Автор, анализируя причины возникновения экономических видов правонарушений, предлагает пути противодействия им. На конкретных примерах из судебной практики выявляются спорные моменты, возникающие в процессе применения норм материального и процессуального права, конкретизируются причины и условия, способствующие правонарушениям. Ключевые слова: экономика, национальная безопасность, институт банкротства, юридические лица, кредитор, должник, денежные обязательства, преступление, нарушение, право, уголовная ответственность, лжепредприятия, умысел.
Мұқанов О.Н. Заңды тұлғалардың банкроттығымен байланысты экономикалық құқық бұзушылықтардың түрлері. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде экономикалық құқық бұзушылықтардың түрлеріне жекелеген тараулар арналған. Мақалада соңғы кезде жиілеп кеткен мемлекеттің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңды тұлғалардың жалған және қасақана банкроттығы қарастырылады. Автор құқық бұзушылықтың экономикалық түрлерінің пайда болу себептерін талдай отырып, оларға қарсы тұрудың соны жолдарын ұсынады. Сот тәжірибесіндегі нақты мысалдар арқылы материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолдану үдерісінде туындайтын даулы кезеңдер анықталады, олардың бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар нақтыланады. Түйінді сөздер: экономика, ұлттық қауіпсіздік, банкроттық институт, заңды тұлғалар, кредитор, борышкер, міндеттемелер, қылмыс, бұзу, құқық, қылмыстық жауапкершілік, жалған кәсіпорын, ниет.
Mukanov O.  Types of economic crimes, associated with the bankruptcy of legal entities. The article discusses the recent increase in cases of false and deliberate bankruptcy of particular entities which may acquire threatening to the economy and national security of the Republic of Kazakhstan. Questions combating economic offenses occupy a central place in the criminal process. The author analyzes the causes of the designated type of crime and proposes ways to address the original problem. Questions of legal culture of society constitute one of the factors in the formation of intellectual nation. The article, with specific examples from the practice of the courts, proved the need to monitor the implementation of the Law «On Bankruptcy». Keywords: economy, national security, the institution of bankruptcy, legal entities, creditor, debtor, liabilities, crime, violation, law, criminal liability, false enterprise, intent.
Читать статью


Автор Валькова Е. В

В статье проводится исследование уголовной ответственности за посягательство на жизнь судьи, народного заседателя или присяжного в связи с деятельностью, связанной с осуществлением правосудия, что предусмотрена в уголовных кодексах Украины и Республики Казахстан, с целью выявления общего и отличительного. Ключевые слова: уголовная ответственность, уголовно-правовая охрана, судья, народный заседатель, присяжный, близкие родственники, правосудие, жизнь, норма, Уголовный кодекс.
Валькова Е. В.: Украина мен Қазақстан Республикасындағы судьялардың, халық кеңесшілерінің немесе қазылар алқасының өмірін қылмыстық-құқықтық қорғауды салыстырмалы зерттеу. Мақалада Украина мен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстерінде қарастырылған әділ сотты жүзеге асыруға байланысты қызметіне орай судьялардың, халық кеңесшілерінің немесе қазылар алқасының өмірін қылмыстық-құқықтық қорғауды зерттеу беріледі. Түйінді сөздер: қылмыстық жауапкершілік, қылмыстық-құқықтық қорғау, судья, халық кеңесшілері, қазылар алқасы, жақын туыстар, әділ сот, өмір, норма, Қылмыстық кодекс.
Valkova E.: Comparative research of the criminal law protection of life of judges, lay judge or the jury in Ukraine and the Republic of Kazakhstan. In the article author researches criminal responsibility for trenching upon life of judge, folk assessor or juror in connection with activity, related to realization of justice, that foreseen in the criminal codes of Ukraine and Republic of Kazakhstan with the purpose of exposure general and special parts. Keywords: criminal responsibility, criminal-legal defense, judge, folk assessor, juror, near relation, justice, life, the rule of law, the Criminal Code.
Читать статью

Popular articles

© KAZGUU UNIVERSITY, 2024
© Journal "Law and state", 2024
The quatation of materials from the journal should obligatory have reference to the journal «Law and State».
Яндекс.Метрика