Популярные статьи

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Последние номера журнала

Профессор А.М. Нурмагамбетовтың ғылыми шығармашылығы туралы // Құқық және мемлекет 2020. № 1-2 (86-87). Б. 141-157.

Автор: Журунова М.К

Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі: Мақала еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының дамуына үлес қосқан белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің кафедра меңгерушісі, «Құқық және мемлекет» журналының редакция алқасының мүшесі, 2020 жылы 70 жасқа толған Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетовке арналған. Аманжол Мағзұмұлының еңбектері толық зерттелмегендігі мақаланың ғылыми жаңалығы болмақ, ал басты мақсаты профессордың ғылыми шығармашылығы, жаңашылдығы мен көрегендігі, Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы ашып көрсету. Мұнда ғалымның еңбек құқығы саласындағы ғылыми туындыларын зерттеу барысында тарихи, догматикалық, биографиялық әдістері, талдау және синтездеу тәсілдері орнымен қолданылған. Құқықтық саясатқа, еңбек туралы заңнама нормаларына және бүгінгі күні қолданыстағы консенсусқа қатысты ғылыми-практикалық түсіндірмелердің құндылығы көрсетілген. Автор ғалымның еңбек құқығы ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі туралы тұжырымға келеді. Профессор «Еңбек нарығы: құқықтық мәселелер және перспективалар» монографиясын, «Право социального обеспечения Республики Казахстан» оқулығын, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР Заңына түсініктеме (бірлескен авторлықта), Қазақстан Республикасының Конституциясына ғылыми-практикалық ұсыныс (бірлескен авторлықта), еңбек заңнамасы мен еңбек көші-қонының өзекті мәселелері бойынша 150-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Көрнекті ғалым және конституциялық, еңбек құқығы саласынының маманы, монографиялардың, заңнамаларға пікірлердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы, патриот, философ, кең көзқарасты адам ретінде А.М. Нұрмағамбетов ғылыми кадрлардың (аспиранттар мен докторанттар) және жас мамандардың (студенттер мен магистранттар) бірнеше буынын дайындауға елеулі үлес қосты. Ғалым Қазақстанның заң білімінің мақтанышы, болашақ өскелең ұрпақ үшін жоғары үлгі тұтар тұлға болып табылады. Тірек сөздер: заң ғылымы, А.М. Нұрмағамбетов, заң ғылымдарының докторы, профессор, еңбек құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, мерейтой, ҚР Конституциялық Кеңесі, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университеті.
Журунова М.К. О научном творчестве профессора А.М. Нурмагамбетова // Право и государство 2020. № 1-2 (86-87). С. 141-157. Статья посвящена вкладу в развитие науки трудового права и права социального обеспечения известного ученого, доктора юридических наук, профессора, заведующего кафедрой Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева, члена редколлегии журнала «Право и государство», Аманжола Магзумовича Нурмагамбетову, которому в 2020 г. исполнилось 70 лет. Научная новизна статьи заключается в том, что научные труды Аманжола Магзумовича в полной мере исследованы недостаточно. Целью данной статьи является изучение научного творчества профессора Аманжола Магзумовича Нурмагамбетова, выявление новаторства и дальновидности ученого, а также его вклада в развитие науки Казахстана. В статье использованыисторический, догматический, биографический методы, методы анализа и синтеза для исследования научных трудов профессора в области трудового права. Показана ценность научно-практических разъяснений, касающихся правовой политики, норм законодательства о труде. Автор приходит к выводу о значительном вкладе ученого в развитие науки трудового права. Профессором были написаны научно-практический коментарий к закону о труде, учебники по трудовому праву и по праву социального обеспечения, также опубликованы 150 научных статей по актуальным вопросам данной отрасли права. Как видный ученый, специалист в области конституционного и трудового права, автор монографий, комментариев к законодательству, многих научных статей, патриот, философ, человек широких взглядов, А.М. Нурмагамбетов внес также значительный вклад в подготовку научных кадров (аспирантов и докторантов) и нескольких поколений молодых специалистов (студентов и магистрантов), является гордостью юридического образования Казахстана, высоким примером для подрастающего поколения. Ключевые слова: юридическая наука, А.М. Нурмагамбетов, доктор юридических наук, профессор, трудовое право, право социального обеспечения, юбилей, Конституционный Совет РК, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Университет КАЗГЮУ им. М.С. Нарикбаева.
Zhurunova M.K. The scientific work of Professor A.M. Nurmagambetov // Law and state 2020. № 1-2 (86-87). P. 141-157. The article is devoted to the contribution to the development of the science of labor law and social security law of a famous scientist, doctor of law, professor, head of the department of Eurasian National University named after L.N. Gumilev, a member of the editorial board of the journal «Law and State« Professor Amanzhol Magzumovich Nurmagambetov who turned 70 in 2020. The scientific novelty of the article lies in the fact that the scientific works of Amanzhol Magzumovich are not fully studied. The purpose of this article is to study the scientific work of Professor Amanzhol Magzumovich Nurmagambetov to identify the scientist's innovation and foresight, as well as his contribution to the development of science in Kazakhstan. The article uses historical, dogmatic, biographical, analysis and synthesis methods to study the scientific works of professor in the field of labor law. The value of scientific and practical explanations regarding legal policy, labor legislation and the current consensus are shown. The author comes to the conclusion that the scientist has made a significant contribution to the development of the science of labor law on different problems. The professor wrote the monograph «Labor Market: Legal Problems and Prospects», textbook «The Law of Social Security of the Republic of Kazakhstan», commentary on the Law of the Republic of Kazakhstan «On Labor in the Republic of Kazakhstan» (co-authored), scientific and practical commentary on the Constitution of the Republic of Kazakhstan (co-authored), more than 150 scientific articles on current issues of labor law and labor migration. As a prominent scientist, a specialist in the field of constitutional and labor law, the author of monographs, comments on the law, many scientific articles, patriot, philosopher, person with wide views, A.M. Nurmagambetov also made a significant contribution to the training of scientific personnel (graduate students and doctoral students) and several generations of young specialists (students and undergraduates), he is the pride of legal education in Kazakhstan, a high role model for the future young generation. Key words: legal science, A.M. Nurmagambetov, Doctor of Law, Professor, Labor Law, Social Security Law, Anniversary, Constitutional Council of the Republic of Kazakhstan, ENU named after L.N. Gumilyov, University KAZGUU named after M.S. Narikbaev.
Читать статью


Популярные статьи

© Университет КАЗГЮУ, 2024
© Журнал "Право и государство", 2024
При использовании материалов журнала "Право и государство" ссылки на издание и сайт обязательны.
Мнения, высказываемые в материалах журнала не всегда совпадают с точкой зрения редакции.
Яндекс.Метрика