Танымал мақалалар

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Журналдың соңғы нөмірлері

КАЗГЮУ Университеті
«Құқық және мемлекет» журналы
(Астана қ., Қазақстан Республикасы)

«Құқық және мемлекет» ғылыми заң журналы 1997 ж. бастап басылымға шығарылады. Журналда ғылыми мақалалар, жазбалар, заңтанудың әртүрлі салаларындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы жаңалықтар, жаңа заң басылымдарына рецензиялар, мемлекет және құқық мәселелері бойынша елеулі ғылыми конференциялар мақалалары жарияланады.  

Журнал еліміздегі алдыңғы қатарлы ғылыми заң журналы болып табылады, құрылтайшы – Қазақ гуманитарлық заң университеті (ҚазГЗУ) – Қазақстан Республикасындағы заңгерлік  білім берудегі көшбасшы.

Журналда заң ғылымының фундаменталды және қолданбалы сұрақтары: құқық философиясы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, құқықтық және саяси ілімдер тарихы, халықаралық, салыстырмалы құқықтану, конституциялық құқық, әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару, азаматтық құқық және процесс, еңбек құқығы, экологиялық құқық, қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық процесс және криминология, сонымен қатар құқықтық ғылым және заңгерлік білім талқыланады.  Бұл сұрақтар өзектілігі, қорытындылардың фундаменталдығы және практикалық құндылық талаптарына сай келетін қазақстандық және шет елдік авторлар мақалаларында көрініс табады.

«Құқық және мемлекет» журналының 2013 ж. шет елдік авторлары қатарында Ю.Н. Старилов – з.ғ.д., профессор (Ресей Федерациясы), Авакьян С.А. – з.ғ.д., профессор (Ресей Федерациясы), Швебер Х. – PhD (АҚШ), профессор, P. Sturma – prof., JUDr, DrSc., (Чехия), А.Х. Саидов – з.ғ.д., профессор (Өзбекстан Республикасы), М.Н. Марченко – з.ғ.д., профессор (Ресей Федерациясы) Россинская Е. Р. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Устименко В. А. – з.ғ.д., профессор (Украина), Сырых В. М. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Пуделька Й. – Берлин қ. (Германия), Немытина М. В. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Кучер О. С. – (Украина), Дмитриенко И. А. – т.ғ.к., доцент, (Қырғызстан Республикасы), Дерябина Е. М. – т.ғ.к., доцент (Ресей), Боголюбов С. А. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Танчев Е. – Ph.D., профессор (Болгария Республикасы), Б. Каравита ди Торитто – профессор (Рим), Коштей Е. – (Молдова Республикасы), Трощинский П. В. – т.ғ.к (Ресей), Медведев В. Г. – з.ғ.д., т.т.к., доцент (Ресей), Абдул Уахаб Абдул – Ph.D (Біріккен Араб Әмірліктері), Бондарь Н. С. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Банич С.- т.ғ.к (Хорватия Республикасы), Олейник А. Р. – т.ғ.к. (Украина), Моисеев А. А. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Тимошина Е. В. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Беляев В. П. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Чиркин В. Е – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Синельникова В. Н. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Трощинский П. В. – т.ғ.к (Ресей), Валькова Е. В. – т.ғ.к (Украина), Белых В. С. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Гагик Арутюнян – з.ғ.д., профессор (Армения Республикасы), Жак Аттали – экономика профессоры (Франция), Зорькин В. Д. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Абдул Уахаб Абдул – Ph.D (Біріккен Араб Әмірліктері), Пермяков Ю. Е. – т.ғ.к. (Ресей), Лапина М. А. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Понкин И. В.– профессор, (Ресей), Суханов Е. А. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Василевич Г. А. – з.ғ.д., профессор, (Белоруссия), Василевич С. Г. – т.ғ.к., доцент (Белоруссия), Михайленко Д. Г. – т.ғ.к., (Украина), Голоскоков Л. В. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Клеандров М. И. – з.ғ.д., профессор, (Ресей), Латышов И. В. – т.ғ.к (Ресей), Дронова О.Б. – т.ғ.к доцент (Ресей), Усов А. И. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Аминев Ф. Г. – т.ғ.к доцент (Ресей), Юза П. – ф.ғ.д., с.ғ.к (Словакия Республикасы), Филипова И. А. – т.ғ.к (Ресей), Рождественская Т. Э. – з.ғ.д., профессор (Ресей), Гузнов А. Г. – т.ғ.к (Ресей), Грушин Ф. В. – т.ғ.к (Ресей) және басқалары.

Журнал баспалық және электронды басылым ретінде Париж қ. халықаралық мерзімдік басылымдарды тіркеу орталығында тіркелген. 2006ж. 25 қыркүйегіндегі № 7742-Ж Куәлікке сәйкес ҚазГЗУ «Құқық және мемлекет» журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген.

«Құқық және мемлекет» журналы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» (ҚР ҰҒТАО) ақпараттық қорына енгізілген, сонымен қатар 2013ж. бастап – Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индескіне (РИНЦ) тіркелген.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2014 жылғы 11 шілдедегі №1142 бұйрығына сәйкес «Құқық және мемлекет» журналы «Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне» енгізілді.

Журналдың құрылтайшысы болып табылатын университеттің 20 жылдық даму тарихында жоғары оқу орнының атауы төрт мәрте өзгеріске ұшырады: Қазақ мемлекеттік заң институты (ҚазМЗИ 1994-1996 жж., Алматы қ.); Қазақ мемлекеттік заң университеті  (ҚазМЗУ 1996-2000 жж., Алматы қ.); Қазақ мемлекеттік заң академиясы (ҚазМЗА 2000-2001 жж., Алматы қ.); Қазақ гуманитарлық заң университеті (2001ж. бастап, Астана қ. ҚазГЗУ).

«Құқық және мемлекет» журналының әр жылдардағы бас редакторлары:

В.Н. Уваров– з.ғ.д., профессор – 1997-1998 жж.;

К.С. Мауленов– з.ғ.д.,  профессор – 2001- 2002 жж.;

К.А. Жиренчин– з.ғ.д.,  профессор – 2003 ж.;

Б.Х. Толеубекова– з.ғ.д.,  профессор – 2003-2004 жж.;

А.Х. Миндагулов– з.ғ.д.,  профессор – 2004-2006 жж.;

М.Т.-М Баймаханов. – з.ғ.д.,  профессор, ҚР ҰҒА академигі – 2006-2010 жж.;

М.Ч. Когамов– з.ғ.д., профессор – 2010-2012 жж.;

С.Ф. Ударцев– з.ғ.д.,профессор, 2013ж. бастап ҚазГЗУ құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗО директоры.

Журналдың редакциялық алқа мүшелерінің қатарында ҚазГЗУ белгілі профессорлары мен доценттері. Редакциялық кеңес құрамында еліміздің құқық қорғау органдарының бірқатар басшылары мен отандық, шет елдік белгілі ғалымдар.

Журнал мақсаты – заң ғылымының дамуына ықпал ету және ақпараттық кеңістікте Қазақстан заң білімінің флагманы мен заң ғылымының орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның заң ғылымының ғалымдарды мен ҚазГЗУ ғалымдарын таныстыру, қазақстандық және халықаралық авторлардың, рецензенттердің, редакция кеңесі мен редакциялық алқасы мүшелерінің сапалы құрамын іріктеу, журналдың тақырыбының және материалдарының өзектілігін арттыру арқылы, оны халықаралық заң журналына айналдыру, және оны шетелдік ғылымиметрикалық жүйеге енгізу.

«Құқық және мемлекет» журналы әр тоқсан сайын бір мәрте жарыққа шығып, материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.  Журнал «Қазпошта» АҚ, «Пресс Центр Казахстан» ЖШС,  "Эврика-Пресс" ЖШС 2017 ж. жазылу басылымдарының тізіміне енгізілген және жазылуға сәйкес еліміздің барлық аймақтарына таратылады. Журналға жеке жазылу үшін индекс: 75762, мекеменің жазылуы үшін индекс: 25762. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы кітапханалары мен жоғары оқу орындарына, ТМД және алыс шет елдерге жіберіледі.  

Танымал мақалалар

© КАЗГЮУ Университетi, 2017
© "Құқық және мемлекет" журналы, 2017
Материалдарды қолдану кезінде «Құқық және мемлекет» журналына сілтеме жасалу міндетті.
Журналдың материалдарында білдірілген пікірлер редакцияның көзқарасымен сәйкес келе бермейді.
Яндекс.Метрика