Популярные статьи

ҚҰҚЫҚ және МЕМЛЕКЕТ
ПРАВО и ГОСУДАРСТВО
Law and State

Последние номера журнала

Сыйға тарту шартының күшін жою негіздерінің отандық сот практикасындағы қолданысы // Право и государство 2021. № 3 (92). – С. 86-97.

Автор: Естемиров М.А

(m_estemirov@kazguu.kz)
Мақалада сыйға тарту шартының күшін жою негіздерінің сот практикасындағы қолданысы талданған. Зерттеу пəні ретінде сыйға тарту шартының күшін жоюдың отандық Азаматтық кодексте бекітілген негіздері алынды. Сыйға тарту шартының күшін жою негіздерінің отандық сот практикасындағы қолданысына талдау жүргізу, осы сауалға қатысты сот практикасындағы қайшылықтардың бар-жоқтығын анықтау, өзара кереғар сот ұстанымдары айқындалған ретте ортақ бір ұстанымды қалыптастыру жəне сыйға тарту шартының күшін жою негіздерін реттейтін отандық заңнаманы кемелдендіруге бағытталған нақты ұсыныстарды əзірлеу осы зерттеудің мақсаты ретінде белгіленді. Сыйға тарту шартының күшін жою негіздерінің қолданысына қатысты отандық сот практикасындағы бірізділік талабының сақталмауы, жекелеген сауалдарды құқықтық реттеуді кемелдендіру қажеттілігі зерттеу тақырыбының өзектілігін айшықтай түседі. Отандық сот практикасына жүргізілген шолу нəтижесінде келесілер айқындалды. Біріншіден, ҚР АК-нің 512-бабының 1-тармағындағы негіз бойынша сыйға тарту шартының күшін жою үшін сый алушының осы тармақта көрсетілген əрекеттері үшін қылмыстық не əкімшілік тəртіпте жауаптылыққа тартылғандығы жайлы фактінің талап етілетіндігі белгілі болды. Сонымен бірге, сыйға тартушыға дене жарақатын салмай, алайда, сый алушы тарапынан жиі қайталанатын балағаттау жəне т.с.с. өзге де құрмет көрсетпеу арқылы сыйға тартушыны ауыр азапқа ұшырату жағдайлары бұл тармақпен қамтылмай қалғандығы белгілі болды. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында автор заң шығарушыға сыйға тартудың күшін жою негіздерінің бірі ретінде «жасалған жақсылықтың қадірін білмеу» ұғымын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Екіншіден, ҚР АК-нің 512-бабының 2-тармағында қолданылатын «үлкен мүліктік емес құндылық» ұғымы талданып, аталған ұғымның аясына мүліктік құны өте қымбат заттарды енгізуге қатысты отандық сот практикасында екі ұстанымның қалыптасқандығы мəлім болды. Бұл ретте, автор мүліктік құны қымбат заттардың да «үлкен мүліктік емес құндылық» бола алатындығы жайлы пайыммен келісетіндігін алға тартады. Үшіншіден, сыйға тарту шартының күшін жою салдарына қатысты ҚР АК-нің 48-тарауының «Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер» ережесін қолдану жөнінде ұсыныс жасалған. Тірек сөздер: сыйға тарту шарты, сыйға тарту шартының күшін жою, сый беруші, сый алушы, қасақана дене жарақаты, өміріне қастандық жасау, үлкен мүліктік емес құндылық, банкроттық, заң шығарушы, сот шешімі, азаматтық кодекс, сот практикасы, сыйға тарту шартының күшін жою салдары.

Естемиров М.А. Применение оснований отмены договора дарения в отечественной судебной практике. В статье проанализировано применение оснований отмены договора дарения в судебной практике. Основания отмены договора дарения, закрепленные в отечественном Гражданском кодексе, определены в качестве предмета исследования. Цель исследования - провести анализ применения оснований отмены договора дарения в отечественной судебной практике, определить наличие либо отсутствие противоречий в судебной практике, при определении противоречий в судебной практике, подготовить конкретные рекомендации по формированию единой судебной практики, разработать предложения, направленные на дальнейшее совершенствование института отмены договора дарения. Отсутствие единой позиции в отечественной судебной практике по применению отдельных оснований отмены договора дарения, необходимость дальнейшего совершенствования правового регулирования отдельных вопросов определяют актуальность данного исследования. В результате проведенного анализа отечественной судебной практики автором сделаны следующее выводы. Во-первых, для отмены договора дарения по основанию п. 1 ст. 512 ГК РК необходимо наличие установленного факта привлечения одаряемого к уголовной либо административной ответственности за совершение действий, описанных в вышеуказанном пункте. Вместе с тем, известны случаи, когда дарителю не причиняются телесные повреждения, но в отношении него имеют место часто повторяющиеся оскорбления и неуважительное отношение со стороны одаряемого. Жизненные ситуации такого рода не охвачены действующей редакцией ст. 512 ГК РК. Для восполнения данного пробела автор предлагает законодателю рассмотреть возможность введения в качестве одного из оснований отмены договора дарения понятия «неблагодарность дарителя». Во-вторых, проанализировано понятие «большая неимущественная ценность», применяемое в п. 2 ст. 512 ГК РК, выявлено, что в отечественной судебной практике сложились две позиции относительно включения в данное понятие предметов с высокой имущественной стоимостью. При этом автор соглашается с суждением о том, что ценное имущество также в состоянии представлять для дарителя большую неимущественную ценность. В-третьих, автором в отношении последствий отмены договора дарения предложено применить положение главы 48 ГК РК «обязательства, возникающие вследствие неосновательного обогащения». Ключевые слова: договор дарения, отмена договора дарения, даритель, одаряемый, умышленное причинение телесного повреждения, совершение покушения на жизнь, большая неимущественная ценность, банкротство, законодатель, судебное решение, гражданский кодекс, судебная практика, последствия отмены договора дарения.

Yestemirov M.A. Application of grounds for cancellation of the gift agreement in the local judicial practice. The article analyzes the application of the grounds for cancellation of the gift agreement in judicial practice. The grounds for the cancellation of the gift agreement fixed in the Civil Code are defined as the subject of research. The purpose of the study is to analyze the application of the grounds for cancellation of the gift agreement in local judicial practice, to determine the presence or absence of contradictions in judicial practice in cases determining of contradictions in judicial practice, to prepare specific recommendations for the formation of a unified judicial practice, to develop proposals aimed at further improving the institution of cancellation of the gift agreement. The lack of a unified position in local judicial practice on the application of certain grounds for the cancellation of the gift agreement, the need for further improvement of the institution of cancellation of the gift agreement shows the relevance of this study. As a result of the analysis of local judicial practice, the author made the following conclusions. Firstly, in order to cancel the gift agreement on the basis of paragraph 1 of Article 512 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan, it is necessary to have an established fact of bringing the donee to criminal or administrative responsibility for committing the actions described in the above paragraph. However, there may be situations when the donee, without attempting for murdering of the donor or any of his family members or close relatives, or without causing intentional bodily injury to the donor, at the same time, by his actions, for example, regularly using obscene expressions, etc., can cause mental suffering to the donor. This kind of situations are not covered by the current version of Article 512 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan. To fill the gap in this issue, the author suggests considering the possibility of supplementing the content of paragraph 1 of Article 512 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan with a new basis for canceling the gift agreement, as “ingratitude of the donor”. Secondly, the existence of two contradictory positions in judicial practice on the application of paragraph 2 of Article 512 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan has been determined, i.e. there are two positions regarding the possibility of assigning valuable property to the categories of property “representing great non-property value for the donor”. The author comes to the conclusion that valuable assets are also able to represent a great non-property value for the donor. Thirdly, it is proposed to consolidate the application of the provisions of Chapter 48 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan to the consequences of the cancellation of the gift agreement. Keywords: gift agreement, cancellation of the gift agreement, donor, donee, intentional
causing of bodily injury, attempting for murder, great non-property value, bankruptcy, legislator, court decision, Civil Code, judicial practice, consequences of cancellation of the gift agreement.

Для цитирования и библиографии: Естемиров М.А. Сыйға тарту шартының күшін жою негіздерінің отандық сот практикасындағы қолданысы // Право и государство. 2021. № 3(92). – С. 86-97. DOI: 10.51634/2307-5201_2021_3_86

Читать статью


Популярные статьи

© Университет КАЗГЮУ, 2024
© Журнал "Право и государство", 2024
При использовании материалов журнала "Право и государство" ссылки на издание и сайт обязательны.
Мнения, высказываемые в материалах журнала не всегда совпадают с точкой зрения редакции.
Яндекс.Метрика